V жалпы республикалық кітап фестивалі «Кітап tame 2026»

V жалпы республикалық кітап фестивалі «Кітап tame 2026»

Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау мақсатында Бесқарағай аудандық орталық кітапханасы мен ауылдық кітапханаларда V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында әр түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда кітап көрмелері, әдеби квест, танымдық ойын, еркін пікірталас мен шығармашылық сайыстар  т.б.өткізілді.

Шара барысында қатысушылар бірнеше қызықты кезең бойынша өзара бақ сынасты. Сонымен қатар қатысушылар кітаптар мен әдебиетке байланысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, шығармалардың авторлары мен кейіпкерлерін танып, түрлі тапсырмалар орындады.  Әр кезең сайын олар белсенділік танытып, білімдерін ортаға салып, тапқырлықтары мен зеректіктерін көрсете білді. Кітаптың адам өміріндегі орны, рухани дамуға тигізер ықпалы туралы тағылымды ойлар айтылып, оқырмандар өзара пікір алмасты. Шара аясында кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар назарына таңдаулы әдебиеттер ұсынылды. Әсем ән шырқалып, жүрекке жылу сыйлаған әсерлі сәт іс-шараның ажарын аша түсті. Белсенділік танытып, білімділігі мен тапқырлығын көрсеткен қатысушылар сыйлықтарға ие болды. «Kitap time-2026» фестивалі оқырмандарға жақсы көңіл-күй сыйлап, кітап әлеміне деген қызығушылықтарын арттырды.

 

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі