Әдеп кодексінің талаптарын сақтау туралы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау туралы

Құқықтық мәдениетті арттыру және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Е.С.Сұлтанов Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді.
Кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде адалдық, объективтілік, кәсібилік және жауапкершілік қағидаттарын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға мемлекеттік қызметте болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, заңсыз сыйақыларды қабылдамау, сондай-ақ қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу қажеттігі еске салынды.
Сондай-ақ, лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) алдын алу мәселелері қарастырылды. Мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындардың әлеуметтік, психологиялық және қаржылық теріс салдары, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің қызметтік міндеттерді адал орындауға, қызметтік тәртіпке және мемлекеттік қызметшінің беделіне тигізетін кері әсері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтау, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау барысында ашықтық, адалдық және жоғары жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алу ұсынылды.