
Бесқарағай ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері сайлау учаскелерінің төрағаларымен және объектілердің басшыларымен референдум өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, өртке қарсы қорғау жүйелерінің жарамдылығын, эвакуациялау жолдарының жай-күйін және алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуын тексеру мақсатында сайлау учаскелерін тексеру жүргізілді.
Басты міндет – сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету. Анықталған ескертулер жедел жойылады, ал жауапты тұлғалармен қосымша нұсқама жүргізіледі.
Қауіпсіздік – кез-келген бұқаралық іс-шараның негізі.
Бесқарағай ауданының ТЖБ