Судағы қауіпсіздік азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау және қадағалау су объектілеріндегі оқиғалардың алдын алуға, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және қауіпсіз кеме жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған.
Қызметтің негізгі міндеттері:
* шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
* иелерімен және кеме жүргізушілерімен профилактикалық жұмыс жүргізу;
* судағы апаттардың, жазатайым оқиғалардың және адам өлімінің алдын алу;
* шағын көлемді кемелерді жүзу және пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау;
* су объектілерінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.
Бесқарағай ауданы ТЖБ қызметкерлері өз қызметі шеңберінде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, кеме жүргізушілерінде қажетті құжаттардың болуын, кемелерді құтқару құралдарымен жарақтандыруға қойылатын талаптардың сақталуын тексереді, сондай-ақ жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің орындалуын бақылайды.
Бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады. Шағын көлемді кемелердің иелеріне кеменің техникалық жай-күйін үнемі тексеріп отыру, құтқару кеудешелерін пайдалану, белгіленген жүзу ережелерін сақтау, ауа райы жағдайларын ескеру және кемені алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқаруға жол бермеу ұсынылады.
Шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану - әрбір кеме жүргізушісінің жауапкершілігі. Судағы мінез-құлықтың белгіленген талаптары мен ережелерін сақтау адамдардың өмірін, денсаулығын сақтаудың және төтенше жағдайлардың алдын алудың кепілі болып табылады.
Бесқарағай ауданының ТЖБ