
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Бесқарағай аудандық орталық кітапханасы «Таза Қазақстан» саябағында Open Air форматында «Абай мұрасы – мәңгілік мұра» атты әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылып, кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасалды. Сонымен қатар қатысушылар Абайдың жүрекке жетер өлеңдерінен үзінді оқып, ұлы ақынның мол рухани мұрасын насихаттауға өз үлестерін қосты.Шараға ауыл тұрғындары белсене қатысып, қазақтың ұлы ойшылының шығармаларына деген қызығушылықтарын танытты. Іс-шараға барлығы 30 адам қатысты.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі