ХЛОРМЕН УЛАНҒАНДА КӨРСЕТІЛЕТІН БІРІНШІ КӨМЕК

ХЛОРМЕН УЛАНҒАНДА КӨРСЕТІЛЕТІН БІРІНШІ КӨМЕК

Хлор — сарғыш-жасыл түсті, өткір иісі бар улы газ. Оның иісі ағартқыш немесе тұрмыстық химияға ұқсайды. Хлор су тазарту жүйелерінде, өнеркәсіпте қолданылады және кейде апат кезінде немесе химиялық заттарды дұрыс араластырмаған жағдайда (мысалы, тұрмыстық химия мен қышқылдар) бөлінуі мүмкін. Хлордың қауіптілігі — ол шырышты қабаттардағы ылғалмен әрекеттесіп, қышқыл түзеді. Бұл тыныс алу жолдары мен көз тіндерін зақымдайды. Хлормен уланудың негізгі белгілері: көзде, мұрын мен тамақта қатты ашыту, күйдіру сезімі көзден жас ағу құрғақ, ұстамалы жөтел тұншығу сезімі кеуде тұсында ауырсыну бас айналу, әлсіздік терінің тітіркенуі ауыр жағдайда — тыныс алу жолдарының ісінуі.

Хлормен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек:

  1. Ластанған аймақтан тез шығу. Ең бірінші және маңызды әрекет — таза ауаға шығу. Ғимарат ішінде немесе газ жиналуы мүмкін төмен жерлерде қалуға болмайды. Жел бағытына тікелей қарсы емес, оған перпендикуляр бағытта қозғалған дұрыс.
  2. Тыныс алуды қорғау. Егер маска немесе газтұмылдырық болмаса, дымқыл матаны пайдалану керек. Су хлордың тітіркендіргіш әсерін аздап төмендетеді, бірақ толық қорғамайды.
  3. Ластанған киімді шешу. Хлор киімде қалып, әсерін жалғастыра алады. Киімді абайлап, шайқамай шешіп, бөлек пакетке салу қажет.
  4. Тері мен көзді жуу. Зақымданған жерлерді таза сумен 10–15 минут бойы жуу керек. Бұл тітіркенуді азайтады және тіндердің зақымдану қаупін төмендетеді.
  5. Тыныштық қамтамасыз ету. Адамды таза ауаға шығарғаннан кейін тыныш күйде отырғызу немесе жатқызу керек. Физикалық жүктеме жағдайды нашарлатуы мүмкін.
  6. Міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну. Жағдай жақсарса да, 103 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет, себебі белгілер кейін күшеюі мүмкін.

Маңызды: Хлор кешігіп асқынулар тудыруы мүмкін — өкпенің қабынуы, бронх түйілуі және тыныс алу жолдарының ісінуі. Сондықтан дәрігер бақылауы міндетті.

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ