1 – қадам – Судан шығарыңыз:
Құтқару шеңберін, допты, арқанды немесе суда қалқып тұратын кез келген затты лақтырыңыз. Егер өзіңіз құтқарсаңыз, арт жағынан жақындаңыз. Әйтпесе, үрейленген бала сізді де, өзін де суға батырып жіберуі мүмкін.
2 – қадам – Есін тексеріңіз:
Иығынан ақырын сілкіп, қатты дауыстап шақырыңыз. Егер ешқандай реакция болмаса, келесі қадамға бірден өтіңіз.
3 – қадам – 112 нөміріне қоңырау шалыңыз:
Көмек көрсетіп жатқан кезде-ақ қоңырау шалыңыз. Дауыс зорайтқыш режимін қосыңыз. Диспетчер сізге әрі қарай не істеу керектігін айтып отырады.
4 – қадам – Басын шалқайтыңыз:
Бір қолыңызды маңдайына, екі саусағыңызды иегінің астына қойыңыз. Иегін жоғары көтеріп, тыныс алу жолдарын ашыңыз.
5 – қадам – Тынысын тексеріңіз:
10 секунд ішінде кеуде қимылын бақылаңыз, тынысын тындаңыз және бетіңізбен сезінуге тырысыңыз. Егер тыныс алмаса, бірден 6-қадамға өтіңіз.
6 – қадам – Жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жасаңыз:
30 рет кеудені басу және 2 рет жасанды тыныс беру. Бір жасқа дейінгі балаларға – екі саусақпен, одан үлкендерге – алақанның негізімен жасаңыз. Ырғақ минутына 100-120 рет болуы тиіс. Жедел жәрдем келгенге дейін тоқтатпаңыз.
Маңызды – мұны жасамаңыз:
Баланы басын төмен қаратып төңкермеңіз – бұл аңыз. Суды шығарып алуға уақыт жоғалтпаңыз. Әр секунд сайын ми жасушалары зақымданады.
Бесқарағай ауданының ТЖБ