
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Бесқарағай ауданының ауылдық кітапханаларында танымдық-тағылымдық, тәрбиелік маңызы зор түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шаралардың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру болды.
Аталған шаралар аясында дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, пікір алмасу кездесулері, «Отбасымен бірге кітап оқимыз» атты отбасылық оқу сағаттары, сондай-ақ «Отбасымен бірге ағаш отырғызу» экологиялық акциялары өткізілді. Іс-шараларға ата-аналар, оқырмандар мен жасөспірімдер белсене қатысып, отбасы бірлігі мен сыйластықтың маңыздылығы жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Кітапханаларда ұйымдастырылған мазмұнды кездесулер мен тәрбиелік шаралар қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отбасының қоғамдағы рөлі мен тәрбиелік мәнін кеңінен насихаттауға ықпал етті.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.