Терек мамығы: асфальттағы ақ жалын

Терек мамығы: асфальттағы ақ жалын

Жыл сайын жазда қалаларымызда «ақ қар» басады. Терек мамығы  тек аллергия мен тұрмыстық қолайсыздықтың себебі ғана емес, сонымен қатар өте қауіпті тез тұтанғыш материал болып табылады. Көбінесе балалар ермек үшін мамықты өртеп, мұны санаулы секундтарда үлкен өртке ұласуы мүмкін екенін түсінбейді.

Бұл несімен қауіпті:

Терек мамығы оқ – дәрі сияқты лезде тұтанады. От құрғақ шөптің бойымен қоршауларға, көліктерге және тұрғын үйлерге өте жылдам таралады. Жел жанып жатқан бөлшектерді ондаған метрге дейін ұшырып, жаңа өрт ошақтарын тудыруды мүмкін.

Сақтық шаралары:

  • Мамықты өзіңіз өртемеңіз және балаларға бұл ойын емес екенін түсіндіріңіз. Өрттердің көбі балалардың еркелігінен болады.
  • Суару мен тазалауды ұйымдастырыңыз. Тұрғын үйлер мен гараждардың маңындағы мамыққа су сеуіп, содан кейін сыпырып тастаған дұрыс.
  • Отпен жұмыс істеу кезінде ережелерді сақтаңыз. Мамық жиналған жерлерде дәнекерлеу немесе металл кесу жұмыстарын жүргізуге қатаң тыйым салынады.

Өрт шыққан жағдайда не істеу керек:

Егер мамықтың жаңып жатқанын  көрсеңіз:

  1. Тез арада 101 немесе 112 нөмірі бойынша өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.
  2. Егер қауіпсіз болса, отты су немесе құм арқылы өз бетіңізше сөндіруге тырысыңыз.
  3. Көршілер мен өтіп бара жатқан адамдарға қауіп туралы ескертіңіз.

Өзіңізді және мүлкіңізді сақтаңыз. Есіңізде болсын: бір секундтық «әдемі» жалын үлкен қайғыға әкелуі мүмкін.

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ