
Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы жылжымайтын мүлік саласында тұрғындар жыл басынан бері ең жиі пайдаланған мемлекеттік қызметтер туралы хабарлады.
Өтініштер саны бойынша көш бастаған қызмет — жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Бірінші тоқсанда бұл бағытта шамамен 20 мың қызмет көрсетілді.
Жалпы, жүгінулердің басым бөлігі жылжымайтын мүлік нысандарына техникалық құжаттама рәсімдеуге, жаңадан салынған құрылыстар туралы мәліметтерді құқықтық кадастрға енгізуге, сондай-ақ жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге байланысты.
Екінші орында жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын беру және жаңадан салынған жылжымайтын мүлік нысанын мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтер арасындағы алшақтықтарды анықтау туралы қорытынды беру қызметі тұр. Жыл басынан бері Абай облысының тұрғындарына бұл бағытта 1,6 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
Үшінші орында жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке қатысты ғимараттар, құрылыстар және (немесе) олардың құрамдас бөліктері туралы сәйкестендіру және техникалық мәліметтерді құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу қызметі орналасқан. Бұл бағыт бойынша шамамен 260 қызмет көрсетілді.
Аталған қызметтерге жоғары сұраныс жаңа жылжымайтын мүлік нысандарын рәсімдеумен, мүліктік құқықтарды тіркеумен, сатып алу-сату мәмілелерін жасаумен, мұрагерлікке кірумен, сондай-ақ техникалық құжаттарды қалпына келтіру қажеттілігімен түсіндіріледі.
«Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру саласындағы қызметтер халық үшін ең өзекті бағыттардың бірі болып қала береді. Техникалық паспортты уақытылы рәсімдеу, құқықтық кадастрға дұрыс мәліметтер енгізу және құжаттарды қалпына келтіру азаматтарға мүлікке иелік ету кезінде туындайтын заңдық қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Мурат Умирзахов.
Еске салайық, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызметтер негізінен eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электронды форматта көрсетіледі, ал ХҚКО-ға жүгіну тек қызметті онлайн алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана қарастырылған.