Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды

Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды

Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды.

           2026 жылдың 31 наурызда Бесқарағай ауданы активінің кеңесі өтті , онда Бесқарағай ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Баталов Бауыржан Жекенұлы сайланған әкім Қаликан Ділдар Қалықанұлына куәлік табыс етті.

 Бесқарағай ауданының тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Қалиқан Ділдар Қалиқанұлы 2026 жылғы 31 наурыздан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды.

        Ділдар Қалиқанұлы 1985 жылы 17 қыркүйекте Катонқарағай ауданы Коробика ауылында дүниеге келген.

             Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының жергілікті атқарушы органдарында 10 жылдан астам жұмыс істеді. 2025 жылғы желтоқсаннан бастап сайлау сәтіне дейін Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары болды.

Абай облысы "АMANAT" партиясының филиалы ұсынған.