ҚАЖЕТ:
- Тұрғын үй аумағын қардан тазалау;
- Қарды қаттап тастау орындарына қарды шығару;
- Жақын арадағы бұлақтарды, арықтарды қоқыс және мұздан тазалау;
- Тұрғын үй аумағы бойынша өтетін немесе телім аумағына іргелес көпірлерді тазалау;
- Өзіңіздің ауланызда су бұрғыш жырашықтар жасау;
- Үйдің аумағында үйінділерді орындау үшін қол асты материалдарды (қаптар, топырақ, құм, саз) дайындау;
- Құнды заттарды, азық-түлік қорларын жер қоймадан немесе су баспайтын аумаққа көшіру.
Су тасқыны және су басу кезіндегі
өзін ұстау ережелері бойынша жады
- Газ және элект жүйесін өшіріңіз;
- Егерде су басу ақырын жүрген жағдайда (су деңгейі ақырын көтерілгенде) мүліктер мен материалды құндылықтарды құтқарып қалу шараларын жүргізіңіз: аса құнды заттарды жоғарғы қабатқа немесе шатырдың астына көшіріңіз, жануарларды шығырыңыз;
- Көршілерге ескертіңіз, балалар, қарттар мен мүгедектерге қауіпті жерден кетуге көмектесіңіз. Үстіңгі қабаттардан, шатырдың астынан, ғимараттың шатырынан орын алыңыз. Азаматтық қорғаныс штабының хабарламаларын тыңдаңыз және қатаң түрде нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз;
- Көшіруге дайың болыңыз! Су тасқынын ілгеруі мүмкін бағытын ескере отырып, кешеуілдемей қауіпсіз орынға шығыңыз;
- Бірнеше күнге құжаттарды, ақшаны, құндылықтарды, жылы киім, аяқ-киім, азық-түлік және су, жеке гигиена заттарын, медицианылық дәрі қорап өзіңізбен алыңыз;
- Суға түскен жағдайда жылы киім мен аяқ-киімді шешіп тастаңыз, жақын арада қалғып жүрген немесе су үстіндегі заттар тауып алуға тырысыңыз, көмек келгенге дейін соларды қолданыңыз;
- Су басқан жолда машинамен жүрмеуге тырысыңыз, Ағып кетуіңіз мүмкін. Егерде Сіз су басу аумағында қалсаңыз, машинаңыз сынып қалса, одан шығып, көмек шақырыңыз.
Бесқарағай ауданының ТЖБ