«Ана – тіршіліктің тірегі»

«Ана – тіршіліктің тірегі»

7.03.2026 ж. Бөдене ауылында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – тіршіліктің тірегі» атты сайыс өтті.

Мерекелік шараға ауылдың аналары мен келіндері қатысып, түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады. Қатысушылар өздерінің өнерлерін, тапқырлықтарын және шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайыс барысында ән айтылып, қызықты тапсырмалар орындалып, ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелді.

Көрермендер қатысушыларға қолдау білдіріп, мерекелік кеш өте көңілді әрі әсерлі өтті. Осындай шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, аналар мен әйелдердің қоғамдағы ерекше орнын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Барша аналар мен қыз-келіншектерге зор денсаулық, бақыт, отбасы амандығы мен шуақты күндер тілейміз!

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі