
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің шырағы» атты аналар сайысы Қарағайлы ауылдық клубында өтті.
Шараға Бұқабай, Башкуль, Қарағайлы ауылдарынан қатысушылар келіп, әртүрлі кезеңдер бойынша бақ сынап, өз өнерлері мен шеберліктерін көрсетті.
Сайысқа тек аналар ғана емес, олардың отбасы мүшелері де келіп, қолдау білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Осындай игі шаралар ауылдар арасындағы бірлік пен сыйластықты арттыра берсін. Аталмыш шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, демекшілік көрсеткен азаматтарға алғысымыз шексіз!
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі