Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Абай облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 3 сәуірдегі сағат 10:00-де Астана қаласы уақытымен Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісі мен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жеке шелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» № 920 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша, оның ішінде электрондық түрде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүз еге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының дерек темелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекен жайы, телефоны, факс, e-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысу өтінімін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталы мен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің веб-порталы автоматы тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекен жайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. (Аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасы зететін тізілім веб-порталының бөлімі).
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытында сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматы түрде орналастыру жолымен басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сатушартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалға алу шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жұмыс 2 (екі) күннен аспайтын мерзімде қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жұмыс 2 (екі) күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартының жобасын қол қоюға ұсынады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар бірыңғай операторға аукцион қатысушысынан тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға келесі сату объектілері қойылады:
Ұйымдастырушы: «Абай облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ ақпарат үшін телефон: 8(72236) 9-02-98