Сынапты термометр сынды

Сынапты термометр сынды

Термометрдің ішінде болатын сынап – адам ағзасы үшін өте улы зат. Бұл металлдың мөлшері аз ғана — шамамен 2 грамм болса да, ең басты қауіпті салдары — сынаптың ағза тіндерінде біртіндеп жиналуы.

Сынап қосылыстары ағзаға бу түрінде енгенде жүйке, қан айналу, тыныс алу және басқа да жүйелерді зақымдайды. Бұл көбіне байқалмай жүреді, сондықтан адам ұзақ уақыт бойы білмей, ауыр улануға ұшырауы мүмкін.

Сынапты термометрдің сынуы — бөлме ішінде жүрген барлық адамдардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп. Сондықтан дереу шара қолдану қажет.

Біріншіден, бөлмені жақсы желдетіңіз. Термометр сынған бөлменің терезесін ашыңыз. Бірақ жел өтіп, сынап буы бүкіл бөлмеге таралып кетпеуі үшін сквозняк жасамаңыз. Терезені кемінде үш сағат ашық ұстаған дұрыс.

Екіншіден, төгілген сынапты тез әрі мұқият жинаңыз. Ол ұсақ домалақ шариктерге айналып кететіндіктен, жинау әдетте қиын емес. Ең қолайлысы — скотч (немесе лейкопластырь), оған шариктер жабысады, не ылғал жұмсақ мата. Егер сынап жарықтарға түсіп кетсе, аспиратор немесе резеңке алмұрт-шприц қолданған дұрыс. Сондай-ақ жұқа қылқаламмен тамшыларды сіңіріп жинауға болады. Сынап тиген кілемдер мен жабындарды алыс жерде қағып тазалау керек, бірақ оларды ешқашан бірден кір жуғыш машинаға салуға болмайды.

Үшіншіден, қолданылған материалдарды дереу жою қажет. Яғни шүберектерді, жабысқақ ленталарды, қолғаптарды және басқа заттарды тығыз пластик пакетке салып, аузын мықтап байлаңыз. Бұл пакетті қоқысқа тастауға болмайды — оны сынап қалдықтарын қабылдайтын арнайы зертханаға тапсыру керек. Сынаппен жанасқан киімдер мен маталарға да осы талап қойылады.

Барлық сынап шариктері жиналғаннан кейін еденді міндетті түрде хлорлы әк ерітіндісімен жуыңыз (20 литр суға 1 стақан зат есебімен).

Төртіншіден, қосымша химиялық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, сонда сынап төгілуінің салдары аз болады:

  • сынапты жинау үшін шаңсорғыш қолданбаңыз;
  • сынап тиген маталарды жойыңыз, оларды қолмен де, машинамен де жумаңыз;
  • резеңке қолғап пен ылғал медициналық маска қолданыңыз;
  • ірі заттарды химиялық сараптамаға және қажет болса арнайы тазалауға тапсырыңыз;
  • дәрігерге барып, сынаппен улануды жоққа шығару үшін тексеруден өтіңіз;
  • мүмкін болса, балаларды бірнеше күнге сынап төгілген бөлмеден алыстатыңыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «101» немесе «112» телефондары бойынша Бірыңғай құтқару қызметіне хабарласыңыз.

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ