«Ана – өмір шырағы».

«Ана – өмір шырағы».

Долон ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы 6 наурыз күні алда келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмір шырағы» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында аналарға арналған әндер шырқалып, би биленіп, әсерлі өлеңдер оқылды. Қонақтар өз аналары туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, әйел мен ананың отбасы мен қоғамдағы рөлі туралы жүрекжарды әңгімелер өрбіді.

Мерекелік кездесу өте жылы, достық әрі әсерлі атмосферада өтті. Көрермендер көп жағымды әсер алып, барлық әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, алғыстарын білдірді.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі