
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Қоянбай ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы "Алғысым шексіз" атты ризашылық кешін ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл азаматтарына құрмет көрсету, бірлік пен татулықты нығайту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу болды. Мерекелік жиын барысында ауылдың дамуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтарға алғыс хаттар табысталып, жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылды.
Бұл шара ауыл тұрғындарының өзара сыйластығын арттырып, мерекенің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі