«Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар»

«Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар»

📚Канонерка ауылдық кітапханасында  «Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

🎯Сынып сағатының мақсаты – білім алушыларға адамгершілік қарым-қатынастың маңызын түсіндіру, өзара құрмет пен келісім мәдениетін қалыптастыру, жеке шекараны сақтау туралы түсініктерін кеңейту және құқықтық сауаттылықтарын арттыру.

Іс-шара барысында оқушыларға қарым-қатынас мәдениетінің негізгі қағидалары түсіндірілді. «Құрмет» – әр адамның қадір-қасиетін мойындау, «келісім» – өзара түсіністік пен ерікті шешім қабылдау, ал «жеке шекара» – адамның жеке кеңістігі мен құқығын қорғау екендігі айтылды.

Сынып сағатында жағдаяттық тапсырмалар, сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар «жоқ» деп айта білу, өзгенің пікірін сыйлау, кикілжіңді бейбіт жолмен шешу туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, құқықтық құжаттар негізінде әр баланың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Олар тақырыпқа қызығушылық танытып, өз ойларын ашық білдірді. Сынып сағаты тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды және пайдалы шара болды.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі