Кітапханаға кітап сыйла.

Кітапханаға кітап сыйла.

14 ақпан – кітап сүйер қауым үшін ерекше күн. Бұл – Кітап сыйлау күні. Атаулы мереке қарсаңында Бесқарағай ауданының кітапханаларының оқырмандары игі дәстүрді жалғастырып, кітапхана қорына өз кітаптарын сыйға тартты. Сыйға берілген әрбір кітап – болашақ оқырманға арналған баға жетпес тарту, ел ертеңіне қосылған үлес. Бұл игі бастама  кітапханалардың қорын толықтырып, оқырмандар қатарын арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге зор ықпал етеді. Кітапхана ұжымы акцияға белсенді қатысып, қолдау көрсеткен барша оқырмандарға шынайы алғысын білдіреді. Шараға 50 оқырман атсалысты Кітап сыйлау – жүректен шыққан жылы ықылас пен парасаттылықтың белгісі.

 

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.