
2026 жылдың басынан бері Абай облысының тұрғындары 2 мыңға жуық құжатты рәсімдеді
2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда жеке куәліктер мен паспорттарды рәсімдеу үшін мемлекеттік баж мөлшері өзгерді. Тарифтердің өсуі мемлекеттік қызметтердің құнын есептеу кезінде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің өсуімен байланысты.
Абай облысында құжаттарды рәсімдеуге сұраныс жоғары болып қала береді. Жыл басынан бері өңірдің 2 мыңға жуық тұрғыны төлқұжат пен жеке куәлік алды, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы.
Өтініштердің ең көп саны Семей қаласында, сондай-ақ Аягөз, Үржар және Көкпекті аудандарында тіркелді. Облыстың басқа елді мекендерінде де жеке куәліктер мен паспорттарды алуға өтінімдер берудің тұрақты серпіні байқалады.
Белгіленген тарифтерге сәйкес ҚР азаматы паспортының құны: 24 бетке құжат үшін - 17 300 теңге, 36 бетке - 34 600 теңге, 48 бетке - 51 900 теңге. Жеке куәлік 865 теңгеге, ал жыл ішінде екі реттен артық жоғалған жағдайда - 4 325 теңгеге (1 АЕК) тұрады.
Бұл ретте жеке куәлікті бастапқы алу, сондай-ақ оны ауыстыру қолданылу мерзімі өткеннен кейін тегін жүзеге асырылады.
Азаматтар үшін құжаттарды жедел рәсімдеу қызметі де қолжетімді. Облыс орталықтарында дайындау мерзімі 3-тен 5 жұмыс күніне дейін, құны 1 835-тен 3 493 теңгеге дейін. Аудандарда және облыстық маңызы бар қалаларда ресімдеу 7 жұмыс күніне дейін созылады және құны 703 теңге.