«Шекарашылардан сый - өскелең ұрпақтың дамуына қосылған үлес».

«Шекарашылардан сый - өскелең ұрпақтың дамуына қосылған үлес».

«Шекарашылардан сый - өскелең ұрпақтың дамуына қосылған үлес».

«Семей» шекара басқармасына қарасты «Қоянбай шекаралық бақылау бөлімшесі» Қоянбай ауылдық клубына ұлттық құндылықтарымыздың бірі — тоғызқұмалақ ойынының тақталарын сыйға тартты. Бұл игі бастама ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрімізді дәріптеуге үлкен үлес қосары сөзсіз.

Ұлттық ойындар арқылы өскелең ұрпақтың ой-өрісін дамытып, зияткерлік қабілетін шыңдау — ел болашағы үшін маңызды қадам. Осы орайда, ауыл мәдениетінің рухани дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғаммен тығыз байланыс орнатып отырған шекара қызметкерлерінің еңбегі ерекше құрметке лайық.

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетуде аянбай еңбек етіп жүрген, қызмет пен азаматтық борышты қатар алып жүрген ер азаматтарға ауыл жұртшылығы атынан зор алғысымызды білдіреміз. Осындай игі істер жалғасын тауып, ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жетсін.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі