ТЖМ құтқарушылары қысқы кезеңде қоғамдық демалыс орындарында қауіпсіздік шараларын еске салады
⛸️Құтқарушылар ескертеді:
⏺Сырғанау және шаңғы, коньки тебу үшін тек арнайы жабдықталған орындарды таңдаңыз;
⏺Трамплиндерден, мұзды немесе қарсыз көлбеулерден түсуге қатаң тыйым салынады;
⏺Тюбингте сырғанау кезінде баспен түспеңіз. Дұрысы - отырып, қолыңызды ұстап, аяқтарыңызды алға ұстау.
⏺Үрлемелі шаналарды қарда жүретін көлікке немесе өзге де көлік құралдарына байламаңыз;
⏺Тюбингтерді шамадан тыс жүктемеңіз;
⏺Тюбингтерді бір-біріне байламаңыз;
⏺Ата-аналар балаларға сырғанақтағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріп, оларды қараусыз қалдырмауы тиіс;
⏺Тюбингті сатып алу немесе жалға алу кезінде адамның бойы мен салмағын ескеріңіз. Бойы 100 см-ге дейінгі балалар үшін тюбингтің диаметрі шамамен 85 см болуы қажет.
Бесқарағай ауданының ТЖБ