"Көршілер"

"Көршілер"

«Көршілер» сайысы

2026 жылдың 7 қаңтарында Бөдене ауылының мәдени ұйымдастырушысы ауылдық клубта «Көршілер» атты сайыс ұйымдастырды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезең қызықты тапсырмалармен өрбіді. Қатысушылар тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті.

 

Сайыс қорытындысы бойынша: 

- Нұркамал мен Бақытнұр – Ұлағатты көршілер, 

- Шынар мен Сая – Тату-тәтті көршілер, 

- Назерке мен Жадыра – Ұйымшыл көршілер атанды. 

Әділқазылар алқасы қатысушылардың белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, сайыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Кеш ауыл тұрғындарына керемет әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осындай мазмұнды, бірлікке бастайтын шараларымыз көп болсын!

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.