Ол отынның толық жанбауы нәтижесінде пайда болады және ең қауіптісі — оны адам сезе алмайды.
Қауіптілігі
Көміртек тотығы қан құрамындағы гемоглобинмен байланысып, ағзаға оттегінің жетуіне кедергі келтіреді. Аз мөлшерінің өзі улануға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Негізгі пайда болу көздері
- пештер, каминдер, қазандықтар, газ колонкалары;
- түтін мұржасының және желдетудің ақаулары;
- жабық орындардағы автокөліктер (гараж);
- генераторлар, мангалдар, жылытқыштарды үй ішінде пайдалану.
Уланудың белгілері
- бас ауруы, бас айналу;
- жүрек айну, әлсіздік;
- ұйқышылдық, сананың шатасуы;
- ауыр жағдайда — есінен тану.
Алдын алу шаралары
- түтін мұржалары мен желдету жүйесін тұрақты тексеру және тазалау;
- жабық бөлмелерде ашық отты және генераторларды қолданбау;
- гаражда автокөлікті қосулы күйде қалдырмау;
- тұрғын үйлерге көміртек тотығы датчиктерін орнату.
Улануға күдік болған жағдайда
- Терезе мен есіктерді дереу ашып, таза ауаның келуін қамтамасыз етіңіз.
- Адамдарды сыртқа шығарыңыз.
- Жедел қызметтерді шақырыңыз.
- Себебі жойылғанға дейін бөлмеге қайта кірмеңіз.
Бесқарағай ауданының ТЖБ