Көп адам жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесіне қатысты

Көп адам жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесіне қатысты

Жаңа жыл мерекелерінің алдында өрт қауіпсіздігін алдын алу және көпшілік мерекелік шаралар өткізу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, объектіңізде өрт қауіпсіздігі талаптарын алдын ала қамтамасыз ету ұсынылады. Бұл өз кезегінде объектінің қауіпсіздігін және адамдардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етеді.

Қоғамдық көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде келесі өрт қауіпсіздігі негізгі талаптарын қамтамасыз ету ұсынылады:

          - Жаңа жылдық шыршалар тұрақты негізге орнатылады, олар бөлмеден шығу жолдарын бөгемейді;

         - Шыршаның бұтақтары қабырғалар мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта орналасады;

         - Егер бөлмеде электр жарығы болмаса, шырша жанындағы мерекелік іс-шаралар тек күндізгі уақытта өткізіледі;

         - Иллюминация электр құрылғыларын орнату ережелерінің талаптарына сай жүзеге асырылады.

     - Электр жарығы желісін төмендеткіш трансформаторы жоқ пайдаланған жағдайда шыршаға тек 12 Вольтқа дейінгі кернеулі шамдар тізбектей қосылған гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты 25 Ваттты құрайды; 

     - Иллюминацияда ақау анықталса (сымдардың қызып кетуі, шамдардың жыпылықтауы, отшашулар пайда болуы), жарық дереу өшіріледі; 

     - Іс-шаралар өтетін бөлмелер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      Мынадай әрекеттерге жол берілмейді: 

     - Іс-шара өтетін бөлмелердің терезелерінде торлар болған жағдайда іс-шара өткізу; 

     - Дуга прожекторларын, шырақтар мен хлопушкаларды қолдану, отшашулар мен жарық қауіпті эффектілерді ұйымдастыру; 

      - Іс-шаралар кезінде өртке қауіпті, жарылғыш және бояу жұмыстарын жүргізу; 

     - Бөлмелерді қараңғылату үшін терезелерге ставнилер қою; 

     - Кезектің аралығын тарылтып, қосымша орындықтар мен креслолар қою; 

     - Көріністер кезінде бөлмедегі жарықты толық өшіру; 

     - Бөлмелерді жобалық құжаттамада көрсетілген адам санының шегінен тыс толтыру.

      Іс-шаралар кезінде бөлмеде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген Қауіпсіздік ережелерінің және «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» Техникалық регламентінің талаптарын орындау қажет.

      Ұйым басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаларды тағайындауы және объектіде, сондай-ақ жеке жұмыс учаскелерінде өртке қарсы режимнің сақталуын тұрақты бақылауды жүзеге асыруы қажет.

      Қосымша хабарлаймыз, егер сіз қауіпті жағдайларға тап болсаңыз немесе объектілерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғанын көрсеңіз, 24 сағат жұмыс істейтін жедел қызметтер мен олардың «қызыл» телефондары 101 және 112 нөмірлеріне хабарласа аласыз. Бұл нөмірлер төтенше жағдайлардың пайда болуы немесе қауіпі туралы хабарламаларды қабылдайды және жедел көмек қажет болған жағдайларда қолжетімді.

Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» заңының 16-бабы бойынша ұйымдар Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық талаптарды орындауға міндетті.

 

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ