
Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудандық Полиция бөлімімен бірлесіп, Жаңа жыл мерекесіне байланысты пиротехникалық бұйымдар бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтің басты мақсаты — тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз және қауіпті пиротехникалық өнімдердің алдын алу, сондай-ақ мереке кезінде жазатайым оқиғаларға жол бермеу.
📌 Пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, ескерту жұмыстары жүргізілді.
✨ Жаңа жыл қуанышқа толы әрі қауіпсіз өтсін! Қауіпсіздік — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Бесқарағай ауданының ТЖБ