
2025 жылғы 12 желтоқсанда Абай облысы Білім басқармасы Бесқарағай ауданы білім бөлімі «Айналайын» МКҚК «Балбұлақ» тобының тәрбиеленушерімен өрт қауіпсіздігі тақырыбында театрландырылған қойылым өтті. Қойылымға Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен 16-Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шақырылып, көріністі тамашалады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өрт кезіндегі дұрыс әрекеттер туралы, өрт кезінде өрт сөндіру қызметін қалай шақыру керектігі туралы айтып берді және сіріңкемен ойнауға болмайтынына көз жеткізді.
Соңында 16-ӨСБ қызметкерлері нағыз өрт сөндірушілердің киімімен таныстырып, балаларға тағы да бір мәрте қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып берді.
ТЖБ қызметкерлері қойылымға қатысқан балаларды дипломмен және тәтті сыйлықпен марапаттап қуантты.
Осындай іс-шаралар балаларда қауіпсіздік дағдыларын бала күнінен қалыптастырып, ересек кезінде өздерін және айналасындағыларын қауіпсіздікке шақыра алады.
Бесқарағай ауданының ТЖБ