Халықтың қауіпсіздік мәлениетін арттыру, өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақат алуын болдырмау, сондай-ақ улы газдан уланудың алдын алу мақсатында Бесқарағай ауданының ТЖБ Бесқарағай ауылында 2025 жылғы 29 қарашада «Әр үйге қауіпсіздік», «Көміртегі тотығынан сақ болыңыз» атты акциялар өткізілді.

Халықтың қауіпсіздік мәлениетін арттыру, өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақат алуын болдырмау, сондай-ақ улы газдан уланудың алдын алу мақсатында Бесқарағай ауданының ТЖБ Бесқарағай ауылында 2025 жылғы 29 қарашада «Әр үйге қауіпсіздік», «Көміртегі тотығынан сақ болыңыз» атты акциялар өткізілді. Акция шеңберінде Бесқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлескен өрт қауіпсіздігі қағидалары мен талаптарының сақталуын түсіндіру бойынша тұрғын секторында кең көлемді үй-үйді аралау жұмыстары ұйымдастырылды.  

Аула аралау кезінде 15 көп балалы отбасылар үйлеріне улы газ датчиктері орнатылды, 5 үйдің бұрын орнатылған датчиктері жаңаға ауыстырылды.  

           Бесқарағай ауданының ТЖБ ескертеді:

Пешті мұқият қарап шығыңыз, зақымданудың жоқтығына көз жеткізіңіз, қажет болған жағдайда сылаңыз.

🔹Мұржа мен пешті 3 айда кемінде 1 рет тазалап отырыңыз.

🔹Жылыту пешінің алдында 50х70 см пеш алды металл төсемін орнатыңыз. 

🔹Жылыту пешінде жанғыш конструкциялардан нормалармен белгіленген өртке қарсы аралық болуы тиіс. 

ТЖБ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

          Бесқарағай ауданының ТЖБ