Төтенше жағдайлар кезінде халықты жедел хабарландыру мақсатында Бесқарағай ауданында 4 сирена-дауыс беру құрылғысы орнатылған. Сирена-дауыс беру құрылғысы — бұл өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде адамдарды жедел хабардар ету және эвакуацияны ұйымдастыру үшін қолданылатын дабыл сигналы (сирена) мен дауыс арқылы хабарлауды біріктіретін эвакуацияны басқару және хабарландыру жүйесінің (ЭХБЖ) элементі.
Негізгі функциялары:
ЭХБЖ халыққа адамдарды қауіп туралы ескертіп, қалай әрекет ету нұсқаулығын беру үшін керек. Жылдам ескерту үрейді азайтады және адамдарға іс-әрекеттерін уақытында реттеуге мүмкіндік береді.
Бесқарағай ауданының ТЖБ