Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2025 жылдың 4 желтоқсан күні «БЖЗҚ» АҚ дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді.
Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы шотыңызды мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа, БЖЗҚ филиалының жауапты қызметкерлері басқа да сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңестерімен көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 2025 жылдың 4 желтоқсан күні (10:00 сағ., 12:00 сағ., және 14:00 сағ.) өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін онлайн-тіркелу қажет.
Сағат 10:00-де сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/weblink/register/re1a9ab798b5e75c42dd5ca7d4b6ac684
Event-мәжіліс нөмірі: 2514 555 2783. Event-мәжіліс құпиясөзі: 2025.
Сағат 12:00-де сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/weblink/register/r4bebff661ba8c7e22a76b41e2dc7f2ac
Event-мәжіліс нөмірі: 2517 012 4511. Event-мәжіліс құпиясөзі: 2025.
Сағат 14:00-де сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/weblink/register/r6675b6d569ae5dbc4dd91b389a795c4c
Event-мәжіліс нөмірі: 2513 446 1020. Event-мәжіліс құпиясөзі: 2025.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!