ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Бесқарағай ауданының тұрғындары!

2025 жылғы 28 қарашада сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін
«Заң мен Тәртіп» акциясы өткізілетін болады.

Акция барысында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындарға тегін кеңестік көмек көрсетеді. Әрбір азамат өзіне қажетті құқықтық және өзге де консультацияларды ала алады.

Осыған байланысты барлық қызығушылық танытқан азаматтарды аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.

Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 28 қараша, 11:00–12:00
Өтетін орны: Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2 а,

«Бесқарағай ауданының  Достық үйі» КММ ғимараты.