Тағдырыңызды және бірінші мұзды сынамаңыз

Тағдырыңызды және бірінші мұзды сынамаңыз

Күзгі мұз құрсауыол өзендерде, көлдерде, тоғандарда және басқа су айдындарында мұздардың тұрып қалу кезеңі. Бірінші мұз коньки тебуге, балық аулауға және жай ғана жолды қысқартып, мұз арқылы су айдынынан өтуге арбайды.

 

Бірақ бірінші мұз тек қана бірінші көзбен қарағанда ғана берік болып көрінуі мүмкін, ал шындығына келгенде ол әлі жұқа, берік емес және адамның салмағын көтере алмайды, демек, өмір үшін қауіпті.

Бесқарағай ауданының ТЖБ жұқа күзгі мұзға шығу қаупі туралы тұрғындарды ескертеді.

Қайғылы оқиғаға ұшырамау үшін нені білу керек? Мұздың тұруы кезеңінде қауіпсіздік ережелері бойынша мұзға шығуға, мұздың үстінде ойындар ұйымдастыруға, су асты балық аулаумен айналысуға қатаң тыйым салынады. Мұз қалыңдығы 10-12 см жеткенде ғана мұздың үстінде қауіпсіз жүруге болатынын естен шығармаған жөн. Бірақ мұз қырбақ қармен басылған жерлерден қауіптену керек: қардың астындағы мұз баяу қатады.  Кейде бүкіл су айдынындағы мұздың қалыңдығы 10 см болса, ал қардың астындағы бар-жоғы 3 см болатын жағдайлар да болады. Бұлақ ағып жатқан, су айдынына өзен немесе шағын өзен, өңделген жылы сулар құйылатын орындардағы мұздың үстіне шыққан да қауіпті. Ондай жерлерде мұз өте баяу қатады және қысқы кезеңнің өзінде қауіп төндіреді.

Егер сіз біреумен қайғылы жағдай болғанын көрсеңіз, дереу 112 телефон нөмірі арқылы құтқару қызметін шақырыңыз және зардап шегушіге көмек көрсетуге тырысыңыз. Көмек көрсете отырып, келесі ережелерді сақтаңыз:

- ойық орнына жер бауырлап жақындаңыз, әйтпесе өзіңіз мұздың астына құлауыңыз мүмкін;

- егер қол астыңызда тақтай, бұтақ, шаңғы, шана немесе қандай да болсын басқа бір зат болса, онда ол құтқаруға көмектесуі мүмкін. Осы заттардың бірін өзіңіздің алдыңызда итере отырып зардап шегушіге ойыққа 3-4 метр қалғанда беріңіз. Содан кейін зардап шегушіні жағаға немесе қатты мұзға қарай тартыңыз;

- егер сіз өзіңіз мұздың астына кетсеңіз, онда дереу көмекке шақырыңыз. Көмек келгенше, тыныштықты сақтап, үрейленбеуге тырысыңыз, судың астында тыпырламаңыз.

Мұз жиегіне кеудеңізбен тіреліп, алдыға қарай жағаға немесе қауіпсіз орынға жеткенше жылжуға тырысыңыз.

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ