
Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Бесқарағай ауданының полиция бөлімі мен волонтерлермен бірлесіп көппәтерлі екі қабатты үйлердің тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді. Жұмыс барысында бөлім қызметкерлері тұрғындарға Жылыту аспаптарын, электр сымдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді.
Кіреберістер мен эвакуациялық шығуларды күтіп ұстау, шатыр және жертөле үй-жайлар ында қоқыс тастауға тыйым салу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тұрғындарға алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы қажеттігі және өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы еске салынды