Профилактикалық іс-шаралар кешені

Профилактикалық іс-шаралар кешені

Өрттің алдын алу және тұрғын үй секторында көміртегі тотығымен улану жағдайларының алдын алу желісі бойынша кең ауқымды акция өткізу шеңберінде халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді.
Полиция бөлімінің өкілдерімен және еріктілер қозғалысымен бірлесіп тұрғын үйлерді атаулы аралау және тұрғындармен тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, пешті жылытуды дұрыс пайдалану және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.