
Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрмыстық газ баллондарымен жұмыс істеу кезінде өрттің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Іс-шаралар барысында АГҚС-та тұрмыстық баллондарды құюға жол бермеу туралы, сондай-ақ газ баллондарын сатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпкерлермен түсіндіру әңгімелесулері өткізілді.
Азаматтарға баллондарды сақтау және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, сондай-ақ газдың ағуы анықталған кездегі іс-қимыл тәртібі еске салынды.