Тұрғын секторын аралау жұмыстары

Тұрғын секторын аралау жұмыстары

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында тұрғындарға тұрмыста өрттің алдын алу ережелері түсіндірілді:

— электр құралдарын ұзақ уақыт қосулы қалдырмау;

— ашық отты абайсыз қолданбау;

— пештер мен жылыту құрылғыларының жарамдылығын тексеру;

— балаларды қараусыз қалдырмау және сіріңке мен от жағу құралдарын олардың қолы жетпейтін жерде сақтау.

Сонымен қатар, әр үйдің иесіне өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылып, тұрмыстық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді.

Мұндай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын алу. Өз үйімізден бастайық — қауіпсіздік әркімнен басталады!