Алдын алу, құтқару, көмектесу! ! !

Алдын алу, құтқару, көмектесу! ! !

Өрт сөндіруші мамандығы – «. . . біз адамдарға қуаныш әкелмейміз, ең жақсысы олардың қайғысын  кішірейтеміз. .»

 

Көбіміз ауыл көшелерінде өрт көліктерінің келе жатқанын көрдік. Балаларды осындай көрініс таң қалдырса, көбіне бір жерде өрт болып жатқаны туралы лезде ой келеді. Көлікте отырған өрт сөндірушілер қайтадан өздерінің өмірі мен денсаулықтарына тәуекел ететіндігі туралы ойламайды. Өйткені, олардың жұмыстары сондай - әрқашанда қауіп аумағында болу. «101» қызметінің бірінші болып көмекке келуі де кездейсоқтық емес.

Қазіргі өртке қарсы қызмет оның алғашқы пайда болғанынан әлдеқайда өзгешелеу. Бүгінгі күндегі өрт техникасы ерекше. Бірақ та бүкіл техника егер де онымен жоғарғы дәрежелі мамандар жұмыс істемегенде пайдасыз болушы еді. Өзінің отпен күресуші негізгі мамандығынан басқа өртке қарсы қызмет қызметкерлері басқа да мамандықтарына ие болады: электриктер, краншылар, электрмен пісірушілер, экскаваторщиктер, тракторшылар, құрылыстшылар және т. б.

Өрт сөндіруші болу - бұл жай ғана келіп, өртті сөндіріп, кетіп қалу емес. Өрт сөндірушілер күнделікті жұмысында тәуекелмен, қиындықтарымен, азап пен өліммен бетпе-бет кездеседі. Физикалық және психикалық төзімділік, байсалдылық пен кәсіпқорлық - өрт майдан жауынгерлерінің ерекше сипаттары. Өрт сөндіруші болу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасының Заңдарын білу, физикалық нормативтерді тапсыру және медициналық комиссиядан өту қажет.

Өртке қарсы қызметке  әртүрлі жолдармен келеді. Біреулерге ұсынылса, екіншілер өздері келіп, үшіншілері- кішкентайынан бастап өрт сөндіруші болуды армандады, мектептен кейін Көкшетау қаласында орналасқан Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына осы батыр мамандықты оқу үшін оқуға түсті. Бірақ ешқашанда өрт сөндірушілер барлық қиыншылықтарға қарамастан таңдаған жолдары туралы өкінбейді.

Кішкентайынан бастап бізді өрт пайда болған кезде «101»  нөміріне телефон шалу керек екендігіне үйретті. Өртке қарсы қызмет телефон анықтама кітабында бірінші болып орналасқан. Бертінде ғана өрт қорғауы барлық төтенше жағдайларға (өрттер, апаттар, оқиғалар) шығатын жалғыз ғана қызмет болып еді. Бүгінгі уақытта ғана әртүрлі оқиғалармен айналысатын мамандандырылған қызметтердің әралуандығы пайда болды. Бірақ өрт сөндіру қызметінен болмайды. Өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары мен техникасы ғимараттағы апат, көшкін, жол-көлік оқиғасы, су басу, қар көшкіні және т. б. жағдайларда алғашқы болып көмекке келеді. Қалай болғанымен де көбі өздеріне көмектесе алатындығын біле тұра,  таныс «101» немесе «112» нөмірін тереді.

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ бастығы

азаматтық қорғау майоры А.С.Қабиденов