
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасына оңалту орталығынан оқырмандар қонаққа келді. Оларға арнап кітапхана қызметкерлері кең көлемді экскурсия ұйымдастырып, кітапхана бөлімдерін таныстырды. кітапхана жұмысы, көрсетілетін қызмет түрлері жайлы жан-жақты ақпарат берілді.
Оқырмандар назарына әр түрлі жанр мен бағытты қамтитын мазмұнды кітап көрмелері ұсынылып, кітапханашылар әдебиеттер жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті. Әсіресе тарихи-танымдық және мотивациялық кітаптар оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Шара соңында қатысушылармен көңілді әрі ой-өрісті дамытатын танымдық ойындар ойнатылып, қонақтар белсенділікпен қатысып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.