«Туған жерге– тағзым » тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді
2025 жылдың 18 қыркүйегінде Мостик ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жерге- тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның мақсаты – жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отанға қызмет етудің маңыздылығына шақыру болды.Дөңгелек үстелге 4 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында әр қатысушы өз туған жері туралы әңгімелеп, сол жердің өміріне қосқан үлесі мен оның өзіндік ерекшеліктері жайлы пікірлерін білдірді.Шараның қорытындысында жүргізуші қатысушыларға туған жердің әр адам үшін алтын бесік, мәңгілік тұғыр екендігін еске салып, келешекте бұл тақырып бойынша өздерінің өмірлерінде ірі қадамдар жасайтындығына сенім білдірді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.