Балаларға мектептегі өрт қауіпсіздігі туралы үйрету – олардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды бөлігі.
Бүгін Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық прокуратура мен полиция қызметкерлерімен бірлесіп, № 1 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету жолдары үйретілді.
Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, шұғыл жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді.
Сондай-ақ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға үміткерлерді іріктеу мақсатында дәріс өткізілді. Себебі – азаматтық қорғау академиясында оқу - бұл тек ғана жоғары білім ғана алмай, сонымен қатар маңызды дайындық, тәртіп және Отанға қызмет!
Бесқарағай ауданының ТЖБ