Бесқарағай ауданында жаңа медициналық нысандар ашылды

Бесқарағай ауданында жаңа медициналық нысандар ашылды

Бесқарағай ауданының Қарағайлы ауылында дәрігерлік амбулатория және Башкөл ауылында медициналық пункт іске қосылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев, аудандық мәслихат төрайымы Мейрамгүл Абылғазинова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа нысандар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті толық көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл – Мемлекет басшысының ауыл халқын сапалы медицинамен қамту тапсырмасының нақты орындалуы.

Ауыл тұрғындары жаңа нысандардың ашылуын қуанышпен қабылдап, ризашылықтарын білдірді.

«Бүгін Баскөл округінде қос қуаныш. Жаңа нысандарды көріп, ауыл халқы ризашылықтарын білдіріп жатыр. Бұл – ауыл болашағына жасалған қадам», – деді ауыл тұрғыны Бексұлтан Ошақбайұлы.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Бесқарағай ауданында 11 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Соның екеуі пайдалануға берілді. Қазіргі таңда ауданда 1 аудандық аурухана, 8 амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 15 медициналық пункт жұмыс істеп тұр.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ