Отбасы күні

Отбасы күні

14 қыркүйекте елде Отбасы күні (қыркүйектің екінші жексенбісі) атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында Бесқарағай ауданының ТЖБ Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп 16-ӨСБ қарауылдары арасында «Бақытты отбасы – мемлекеттің тірегі» идеологиясына негізделген және жоғары адамгершілікті, кемелді тұлғаны тәрбиелеудегі отбасының рөлін насихаттауға бағытталған «Әке, ана, мен» спорттық эстафетасын өткізді.

Жарысқа қатысушы 4 қарауылдың отбасы мүшелері өздерінің өзара топта жұмыс істей алуын, жылдамдығын, батырлығын және білімдерін көрсете білді. Соңында достық жеңіп, барлық командалар сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды.