Абай облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сұңғат Болатбекұлы Назаров ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жылға арналған перспективалық жоспарлары жөнінде баяндама жасады.
Отырыста Сұңғат Болатбекұлы өңірдің негізгі даму көрсеткіштеріне тоқталып, ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет, инфрақұрылым және әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар, алдағы кезеңге қойылған нақты міндеттер мен жоспарлар туралы кеңінен ақпарат берді.
Кеңес мүшелері баяндамашыға сұрақтар қойып, ауданның даму бағыттары бойынша пікір алмасты. Әкімнің міндетін атқарушы барлық қойылған сұрақтарға жауап беріп, қосымша түсініктемелер ұсынды.
Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі