Отбасы күні мерекесіне орай өнегелі жанұя Қадырқұловтар отбасымен тағылым сұхбат.
Қарабас ауылдық кітапханасында Отбасы күні мерекесіне орай ауылдың өнегелі жанұяларының бірі — Қадырқұловтар отбасымен тағылымды сұхбат ұйымдастырылды.
Бұл отбасы — ауыл тұрғындары үшін ғана емес, өскелең ұрпақ үшін де үлкен тәрбие мектебі. Екеуі де ұзақ жылдар білім саласында еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздар. Үлгілі шаңырақта үш бірдей тәрбиелі, білімді ұл-қыз өсіп келеді. Қадырқұловтар отбасы – кітапты рухани азық санайтын, оқуға деген сүйіспеншілікті ұрпаққа сіңіріп келе жатқан жанұя.
Сұхбат барысында отбасы мүшелері өзара сыйластық, жауапкершілік, бала тәрбиесі және кітап оқудың маңызы жайлы ойларымен бөлісіп, жастарға отбасылық құндылықтарды сақтап, білім мен мәдениетті дәріптеуге үндеді.
Шара соңында кітапханашы отбасы құндылығы мен татулықтың, өзара түсіністіктің маңызын атап өтіп, қатысушыларға алғысын білдірді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.