Қоянбай ауылдық кітапханасында Отбасы күніне орай 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында кітап көрме өткізілді. Шара барысында қатысушыларға отбасы құндылықтарын насихаттау, қоғамдағы отбасы рөлінің маңыздылығын арттыру, ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау, жастар арасында патриоттық, ата-анаға құрмет, отбасы беделі секілді негізгі отбасылық құндылықтарды нығайту қағидаттарын қалыптастыруға ықпал ету тәрбие әңгімелері қозғалды. Әр қатысушы өз ой пікірін ортаға салып, тақырыпқа ерекше көңіл бөлді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.