«Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі

«Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі

Бозтал ауылдық кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Көрмеге қазақ тілінің дамуы мен өзге ұлт өкілдерінің тілдері туралы әдебиеттер, танымдық басылымдар, ұлы тұлғалардың тіл жайлы ой-толғаулары қойылды. Кітапханашы көрмеге шолу жасап, оқырмандарға ұсынылған әдебиеттердің мазмұны мен маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, оқырмандарды көрмемен таныстырып, тілдің ел бірлігі мен қоғамдық келісімдегі маңызын атап өтті. Шара барысында оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, тіл туралы нақыл сөздер мен өлең жолдарын оқыды. Кітапханашы тілге құрмет көрсетуге, кітап оқуға және ана тілді насихаттауға шақырды.

Бесқарағай аудандық орталық кітапхансының баспасөз қызметі.