14.08.2025 жылы Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Н.О. Ағыбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.
Отырысқа Бесқарағай ауданының прокуроры, Бесқарағай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары белсенді қатысты. Отырыстың күн тәртібінде бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер қарастырылды. Аталған мәселелер бойынша Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің, Қарабас ауылдық округі әкімінің м.а., Долон ауылдық округі әкімінің м. а., Беген ауылдық округі әкімінің м. а. баяндамалары тыңдалды.
Отырыстың нәтижелері бойынша ауданда құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысты одан әрі жандандыруға қатысты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.