Бесқарағай аудандық әкімдігінде терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енздесу өтті

Бесқарағай аудандық әкімдігінде терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енздесу өтті

Абай облысы әкімінің аппараты жанындағы терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету бөлімінің және Абай облысы ҰҚКД өкілдернің қатысуымен Бесқарағай ауданы әкімдігінің ғимаратында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары түсіндіріліп, экстремизмнің алдын алу және оның көріністерінің жолын кесу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, жергілікті деңгейде атқарылатын жұмыстарға қатысты нақты ұсыныстар берілді. Мұндай шаралар мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға және аудандағы қауіпсіздік жүйесін нығайтуға септігін тигізеді.