Абай облысы әкімінің аппараты жанындағы терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету бөлімінің және Абай облысы ҰҚКД өкілдернің қатысуымен Бесқарағай ауданы әкімдігінің ғимаратында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары түсіндіріліп, экстремизмнің алдын алу және оның көріністерінің жолын кесу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, жергілікті деңгейде атқарылатын жұмыстарға қатысты нақты ұсыныстар берілді. Мұндай шаралар мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға және аудандағы қауіпсіздік жүйесін нығайтуға септігін тигізеді.